Иран АҚШ-тың ұсынысынан бас тартты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/xcZ2eie4pLBviTS6tRZDSYEPhMgZqcWI2stKFKZW.webp

АҚШ Иранға атысты тоқтату туралы ұсыныс жасағанымен, Ислам республикасының жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи бұл ұсынысты қабылдамады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Reuters агенттігігіне сілтеп.

Агенттік мәліметінше, ұсыныс Тегеранға екі ел арқылы жеткізілген. Алайда Хаменеи шиеленісті азайту немесе бітімге келу бастамаларын қолдамаған.

Сондай-ақ, оның Израиль мен АҚШ-қа қатысты ұстанымы «қатаң әрі байыпты» екені айтылды.

Бұған дейін Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи елдің АҚШ және Израильмен қақтығыста ешқашан атысты тоқтатуды сұрамағанын мәлімдеген еді.

Пікірлер