Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Әңгімелесу барысында Франция президенті Тоқаевты жаңа Конституцияға арналған республикалық референдумның табысты өтуімен құттықтап, бұл оқиғаның тарихи маңызы мен елді жаңғыртудағы қарышты қадам екенін атап өтті.
Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президентіне қолдауы мен референдум нәтижесіне жоғары баға бергені үшін алғысын білдірді.
Сонымен қатар, мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау үшін алдағы уақытта кездесуге уағдаласты.
Ұқсас жаңалықтар
