Егер АҚШ Иранның электр станцияларына соққы жасаса, Тегеран Ормуз бұғазын толықтай жабады. Report агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Иранның «Хатам әл-Анбия» орталық штабының өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.
«Егер АҚШ-тың Иранның электр станцияларына қатысты қаупі жүзеге асса, дереу мынадай жазалау шаралары қабылданады: Ормуз бұғазы толықтай жабылады және зақымданған электр станциялары қалпына келтірілмейінше қайта ашылмайды. Израильдің барлық электр станциялары, энергетикалық инфрақұрылымы және ақпараттық технологиялары ауқымды зиянға ұшырайды», – деп қосты ол.
Айта кетсек, бұған дейін Дональд Трамп Иранға Ормуз бұғазын 48 сағатта ашпаса, электр станцияларына соққы жасалатынын ескерткен еді.
Ұқсас жаңалықтар
