Семей полигоны болған жерге қатысты қаулы қабылданды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/MW7ZPzxyzacLueNwbef9S8rmSl0qpKLSAj1x7zGL.webp

Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағындағы жер мәселелері жөнінде қаулы қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Zakon.kz-ке сілтеп.

Құжатқа сәйкес, жалпы аумағы 832,9 мың гектар жер қордағы жерлер санатына ауыстырылды. Бұл аумақтар кейін ядролық қауіпсіздік аймағының жерлеріне жатқызылмақ.

Атап айтқанда, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданына 41,6 мың га, Павлодар облысы, Май ауданына 285,9 мың га, Абай облысы, Жаңасемей ауданына 505,4 мың га бөлінді.

Сонымен қатар, бұған дейін қордағы жерлер құрамына берілген 1 816,6 мың гектар аумақ Қарағанды, Павлодар және Абай облыстары әкімдіктерінің қарамағында екені атап өтілді.

Қаулы аталған жерлерді тиімді басқару және ядролық қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында қабылданған.

Пікірлер