«Сөйле, Қазақстан!» атты болашақ тележурналистердің байқауы өтті

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/h43RMP1JpTE2J5MMXhf7xAgjrR5X8YtKPUEr0G6B.jpg

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде профессор Марат Барманқұлов атындағы «Телезертхана» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Сөйле, Қазақстан!» атты болашақ тележурналистердің дәстүрлі VIII кәсіби-шығармашылық байқауы өтті.

Аталған байқаудың негізгі мақсаты – студенттердің кәсіби бәсекеге қабілеттілігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту және болашақ мамандарды тележурналистиканың қыр-сырына баулу.

Биылғы сайысқа 116 студент қатысып, олар 10 салалық арнаға бөлінді. Қатысушылар 6 номинация бойынша өзара бақ сынап, түрлі форматтағы тележобаларды ұсынды. Байқау барысында студенттер оқу процесінде алған теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, шынайы телевизиялық жұмыс атмосферасын сезінді.

Нәтижесінде бас жүлдені «Саяхат news» арнасы жеңіп алды. Бірінші орын «Ғаламшар» экологиялық арнасына бұйырса, екінші орынды «Адал ас» арнасы иеленді. Ал үшінші орынды «Ақпарат KZ» арнасы қанағат тұтты.

Қатысушылардың жұмыстарына тәуелсіз сарапшылар ретінде кәсіби мамандар баға беріп, олардың шеберлігі мен шығармашылық ізденістерін жоғары бағалады.

Аталған байқау жас тележурналистердің кәсіби қалыптасуына серпін беріп, олардың медиа саласындағы алғашқы қадамдарын нығайтуға мүмкіндік жасады.

Пікірлер