Теміртауда «Халық заңгері» акциясы өтті

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/C5rkrXaL0ctshjPlNLtxMe35AkZqZzwl7yL5mkXv.jpg

2026 жылғы 15 сәуірде Теміртау қаласында «Халық заңгері» атты ауқымды құқықтық акция өтті. Іс-шараның басты мақсаты – халыққа тегін заңгерлік көмек көрсету және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды.

Акция барысында заңгерлер, адвокаттар және мемлекеттік органдардың өкілдері тұрғындарға кәсіби кеңес беріп, олардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, күрделі құқықтық мәселелерді шешуге көмек көрсетіліп, азаматтардың өтініштері жеке қаралды.

Іс-шара Теміртау қаласындағы ТРЦ «Пассаж», Тәуелсіздік бульвары, 25 мекенжайында өтті. Акция сағат 11:00-де басталып, барлық ниет білдірушілер үшін тегін түрде ұйымдастырылды.

Аталған шараны ұйымдастыруға Теміртау қаласының прокуратурасы мен жергілікті мемлекеттік органдар, соның ішінде «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі белсенді қатысты. Олардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде акция жоғары деңгейде өтіп, қала тұрғындарының кең қолдауына ие болды.

Мұндай шаралар қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыруға және мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға ықпал етеді.

 

Пікірлер