Мадьярдың Мажарстан премьері қызметіне қашан кірісетіні айтылды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/zEUutWTkhRRJkqTACeT6VJ42hOPyjGcb8vK7C9JG.jpg

Мажарстанда парламенттік сайлауда жеңіске жеткен «Тиса» партиясының жетекшісі Петер Мадьяр 9 мамырда елдің премьер-министрі қызметіне кіріседі. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, салтанатты іс-шара өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мадьярдың айтуынша, 9 мамырда ресми ант беру рәсімінен кейін Будапешт қаласындағы парламент маңында, Кошут алаңында саяси өзгерістерге арналған салтанатты жиын ұйымдастырылады.

Еске салайық, 12 сәуірде Мажарстанда парламенттік сайлау өтіп, 45 жастағы оппозиция жетекшісі Петер Мадьяр мен оның оңшыл-орталық бағыттағы «Тиса» партиясы жеңіске жеткен болатын.

Жеңістен кейін Мадьяр бірқатар батыл мәлімдемелер жасап, егер Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесу мүмкіндігі болса, соғысты тоқтатуға шақыратынын айтқан. Алайда ол бірінші болып қоңырау шалмайтынын да нақтылаған. Сондай-ақ болашақ премьер Мажарстан президентінің отставкаға кетуін талап етіп, оны бұл қызметке лайық емес деп атады.

Пікірлер