Абай облысының Бородулиха ауданында орналасқан Орлов өндірістік кешенінің шахтасында тау опырылып, екі жұмысшы астында қалған. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.
Ведомство ұсынған алдын ала мәлімет бойынша, үйінді астында екі жұмысшы қалған.
“Олардың бірі оқиға орнында көз жұмды. Екінші жұмысшы табылып, қажетті медициналық көмек көрсету үшін медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, — делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
