Тұрғын үй маңынан байқалған түтін. Зауыттан өрт шықты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ycRHPIO16r1wRxTsJVvXis0cqgvWJb9HPKr6UTcV.jpg

Алматы облысында картон зауыты аумағында ірі өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ТЖМ-ға сілтеп.

Министрлік мәліметінше, Алматы облысы Абай ауданындағы зауыттан өрт шыққан.

Ал желіде тараған кадрларда қою түтін Наурызбай ауданындағы «Премьера» тұрғын үй кешенінің маңынан байқалған.

Ведомствоның хабарлауынша, картон зауыты аумағындағы қойма ангары өртеніп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, нысан ішінде адамдар жоқ.

Өрт орнында судың үздіксіз берілуі ұйымдастырылып, бірнеше су оқпаны жұмылдырылған. Қазіргі уақытта өрт оқшауланған.

Пікірлер