Иран Таяу Шығыстағы қақтығысты реттеуге бағытталған 14 тармақтан тұратын жаңа бейбіт жоспарды АҚШ-қа жолдады. Бұл туралы DW жазды, деп хабарлайды “Адырна”.
Ақпаратқа сәйкес құжат бұған дейін америкалық тарап ұсынған бастамаға жауап ретінде әзірленген.
Тегеранның талаптары қатарында – шабуыл жасамауға кепілдік беру, америкалық әскерді шығару, блокада мен санкцияларды алып тастау, сондай-ақ активтерді босатып, өтемақы төлеу мәселелері бар. Сонымен қатар, Иран өңірдегі әскери іс-қимылды тоқтатуды және Ормуз бұғазының жұмыс істеу тәртібін қайта қарауды талап етеді.
Вашингтон бұл құжатты алғанын растады. Дональд Трамп ұсыныстарды қарастыратынын айтқанымен, олардың қабылдануына күмән келтірді.
Ұқсас жаңалықтар
