Ұлытау облысында бүгін 30 отбасы қоныс тойын тойлады

73
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/AdgRT8RbVeTTaV7V5rVOCqlcTFumnFbaNFE5sk3R.jpg

Халықаралық отбасы күніне орай Сәтбаев қаласында баспана кезегінде тұрған азаматтарға жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды. Жалпы ауданы 2000 шаршы метрге жуық болатын бес қабатты 30 пәтерлі тұрғын үй ел игілігіне берілді.  

Қоныс иелерін құттықтаған Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков өңірде халықты жайлы баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ тұрғын үй құрылысына жергілікті бюджетпен қатар инвестициялық мүмкіндіктер де кеңінен тартылып жатқанын жеткізді.  

«Облысымыз құрылған уақыттан бері 365 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал биыл 100 мың шаршы метрге жуық баспананың құрылысы аяқталады деп күтілуде. Бұл тағы 800-ден астам отбасының жаңа қонысқа ие болуына мүмкіндік береді. Осындай ауқымды жұмыстардың нәтижесінде өңіріміз биылғы қаңтар-наурыз айларындағы республикалық көрсеткіш бойынша құрылыс көлемінің өсімі жөнінен көшбасшылар қатарынан көрінді», – деді өңір басшысы.  

Жаңа баспаналы болған отбасылар қуаныштарын бөлісіп, көрсетіліп жатқан қолдау үшін ризашылықтарын білдірді.  

«Өз баспанамыз болса деп армандап келе жатқанымызға осымен 16 жыл болған. Өз алдымызға облыс болғалы баспана кезегі жылжып жатқанын байқап, үміттеніп жүретінбіз. Бүгін міне, қол жеткіздік. Әкімдікке алғыс»,-дейді сәтбаевтық Жауһар Ахметова. 

Айта кетейік, сәуірдің басында Ұлытау облысы әкімі мен бірқатар делегация мүшесі Қытай Халық Республикасына барып, құны 12.5 млрд. теңгелік келісімшартқа қол жеткізген болатын. Аталған инвестициялық қаражат Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалаларындағы тұрғын үй қорын жаңарту, апатты үйлердің орнына жаңа баспаналар салуға бағытталуда. 

Жалпы алғанда өңірде тұрғын үй құрылысының қарқыны жыл сайын артып келеді. Бұл халықтың әл-ауқатын жақсартуға және әлеуметтік мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Пікірлер