Ресей ядролық күштердің ауқымды жаттығуын бастады

281
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/RovQExUvh9sRGsR6EL8a2uz8nQA5fxqbV15e8eVq.webp

Фото: Getty Images

Ресей Қорғаныс министрлігі стратегиялық ядролық күштердің кең ауқымды оқу-жаттығуларын бастағанын мәлімдеді. Жаттығулар «агрессия қаупі жағдайында ядролық күштерді қолдануға дайындық» сценарийі бойынша өтуде. Бұл туралы ВВС жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Ведомствоның хабарлауынша, оқу-жаттығуға құрлықаралық баллистикалық зымырандар, атом сүңгуір қайықтары және стратегиялық бомбалаушы ұшақтарды қамтитын ядролық триада толық тартылған.

Жаттығуға 64 мыңнан астам әскери қызметкер, 7 800-ден астам қару-жарақ пен әскери техника қатысуда. Олардың қатарында 200-ден астам зымыран ұшыру қондырғысы, 140-тан астам ұшу аппараты, 73 әскери кеме және 13 сүңгуір қайық бар. Оның ішінде 8-і стратегиялық ядролық сүңгуір қайық.

Жаттығулар Украинаға жасалған алыс қашықтықтағы дрон шабуылдары жиілеген кезеңде өтіп жатыр. Соңғы күндері Мәскеу облысы ең ірі дрон шабуылдарының бірін бастан өткергені хабарланды. Шабуыл салдарынан бірнеше адам қаза тауып, ондаған адам жараланған.

Украина президенті Владимир Зеленский бұл әрекеттерді Ресей соққыларына «жауап» ретінде атаған.

Ауқымды стратегиялық жаттығулармен қатар Беларусь аумағында тактикалық ядролық қаруға қатысты маневрлер де басталды. Ресей 2023 жылдан бері Беларусьте тактикалық ядролық оқтұмсықтарды орналастырған.

Беларусь Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жаттығулар ядролық қаруы бар бөлімшелердің әртүрлі аймақтардан іске қосылу дайындығын тексеруге бағытталған.

НАТО елдері мұндай жаттығуларға дәстүрлі түрде алаңдаушылық білдіреді. Альянс жыл сайын АҚШ-тың Еуропадағы ядролық қаруына байланысты авиациялық жаттығулар өткізеді.

Беларусь аумағындағы әскери маневрлер Батыста ерекше назарда, себебі 2022 жылғы Украинаға басып кіру де осы бағыттан басталған.

Ресми мәліметтерде Ресейдің ядролық жаттығулары мен Украинадағы соңғы оқиғалар арасында тікелей байланыс бар екені айтылмаған.

Пікірлер