Бүгін Оралда Қадыр Мырза Әлі орталығы Мұхамбетжан Тазабековпен кездесуге шақырады. Мұхамбетжан Тазабеков ел-жұртпен кездесу үшін Оралдағы киелі орталықты таңдапты.
Қадыр Мырза Әлі орталығы мемлекеттік мекеме еді, жекеменшікке өтіп кеткен жоқ па екен?/рұқсат берген кім?/ Президентіміз 16-мамырда Кітап оқитын ұлт боламыз деген Жарлыққа қол қойды. Біз Қадыр ақынның кітабын көшіріп әкеліп, он жыл өткесін, енді ашып оқуға кіріскелі отыр едік...
Сол тұста Қайрат Сатыбалды, Бекболат Тілеухан, Дикий Арманның құшағынан шыққан, айтыстағы "құбылыс" Мұхамбетжан Тазабеков ел-жұртпен кездесу үшін Оралдағы киелі орталықты таңдапты. Жапондардың әлем алдына шыққан "Ахикабарада" дамыған техниканы көріп келгенін, адамзатты тек ғылым дамытқанын айтар ма екен? Әлде, соғысып жатқан Иранның Мешхет қаласындағы Мұхамбет пайғамбардың немересі Резаның қабірін сипауға барыңдар дей ме екен? "Отбасы құндылығы" жайында Бекболат Тілуханов қайнағасы сияқты 4 әйел ал дей ме? Ақ сүт берген Анаңды өлген бойда көм дей ме?
Сан түрлі діни ағымдар еніп кеткен Батыс өңірге осы "пәленің" келуі маған жұмбақ. Қандай саясат? Қандай үгіт?
Айтыс жайлы не демек? Айтыс-қазір бизнес. Барыңдар кездесуге. Тәңірші болу, салафит болу, ақ жамылу, қара жамылу, талақ болу, суайт болу, зымиян болу - өз еркіңіз ғой...
