Түркістанда ер адамның мәйіті табылды. Күдікті – мектеп оқушысы

113
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/s0YN5x4AAPRz6CnjoyNZk6xmAcDAj3QhzMC3N6GI.webp

Түркістан облысында жас жігіттің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті ретінде 9-сынып оқушысы ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Әлеуметтік желілерде Төлеби ауданының Ленгір қаласындағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінен 20 жастан асқан ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат тараған. Оқиға 24 мамыр күні болған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қаза тапқан азамат Шымкент қаласының тұрғыны болған. Қылмысқа күдікті ретінде Төлеби ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №16 мектептің 9-сынып түлегі аталған.

Осыған байланысты Түркістан облыстық Полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

"Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде.ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды",– деп мәлімдеді Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның себептері мен барлық мән-жайын анықтауда. Тергеу мүддесіне байланысты әзірге қосымша ақпарат жарияланған жоқ.

Пікірлер