Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия алдын ала іріктеуден өткен және байқаудың келесі кезеңіне жолдама алған шығармалардың тізімін жариялады, деп хабарлайды "Адырна" Egemen-ге сілтеп.
Әдебиет саласы бойынша келесі авторлардың еңбектері конкурстың келесі кезеңіне өтті:
Маралтай Ыбыраев – «Ақ батпырауық» жыр кітабы;
Қасымхан Бегманов – «Құланиек, құба таң» жыр кітабы;
Серік Тұрғынбекұлы – «Жүрегім – мұңның ұясы» кітабы.
Өнер саласында төмендегі шығармалар мен жобалар іріктелді:
Алпысбай Қазғұлов – «Ұлы дала әуендері» картиналар топтамасы;
Шәміл Әбілтай – «Тұран – Алтын Орда – Қазағым» күй трилогиясы;
Батухан Баймен – картиналар топтамасы;
Авторлық ұжым: Думан Рамазан, Еділ Құсайынов, Ерлан Тұяқов, Болат Ұзақов және Асылбек Қапаев – «Жошы хан» тарихи драма қойылымы.
Ел басқарған көшбасшы, жомарттығымен танылған Тана мырза Тілемісұлына арналған «Алашқа тұлға болған – Тана мырза» республикалық жыр мүшәйрасы
