АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Ормуз бұғазы арқылы тасымалданатын барлық жүктердің құнының 20%-ы көлемінде өтемақы алатынын мәлімдеді. Ол бұл туралы өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған, деп хабарлайды “Адырна”.
«Ормуз бұғазы ашық және Иранмен немесе Ирансыз да ашық күйінде қалады. Біз "Иран блокадасын" қайта енгізіп жатырмыз. Ол осылай аталады, себебі бұл шектеу тек Иран кемелеріне немесе оның клиенттеріне қатысты болады. Оларға бұғазға кіруге де, одан шығуға да тыйым салынады. Ал қалған барлық елдер бұғаз арқылы әділ әрі еркін өте алады», – деп жазды Трамп.
Оның айтуынша, бұдан былай АҚШ өзін «Ормуз бұғазының қорғаушысы» деп атайтын болады. Ал алынатын төлемдер әлемдегі «ең тұрақсыз өңірлердің бірінің» қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды өтеуге бағытталады.
«Тиісті тетік пен оны іске асыру үдерісі дереу басталады», – деп қосты АҚШ президенті.
Біз бірге болсақ, әлем қауіпсіздеу болады. Сіздердің бір елдеріңізде бәлкім, таяуда болатын кездесуді асыға күтемін.
