Қазақ медиа қауымдастығы мен Түркі әлемі радио және тележурналистер қауымдастығымен меморандумға қол қойды

83
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/RZ6civG3g7qVe7AcejAZhL50a7dtDcYCybVQBapn.jpg

Бүгін Алматы қаласында «Қазақ медиа қауымдастығы» төрағасы Ербол Азанбек пен «Түркі әлемі радио және тележурналистер қауымдастығының» төрағасы Olgunay Köse өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Кездесу барысында тараптар түркі мемлекеттерінің медиа саласындағы ынтымақтастығын нығайту, тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және журналистер арасындағы кәсіби байланысты дамыту мәселелерін талқылады.

Бүгінде жасанды интеллект медиа саласына түбегейлі өзгеріс әкеліп отыр. Бұл үдерістен ешбір ел шет қалмайды. Сондықтан Орталық Азия мен Түркі әлемі елдерінің медиасы бұл бағытта күш біріктіріп, тәжірибе алмасып, ортақ жобаларды жүзеге асыруы аса маңызды.

Қазіргі таңда Түркия және Орталық Азия елдерінің медиа ұйымдарымен келіссөздер жалғасуда. Күзде Астана қаласында өтетін Қазақтілді БАҚ-тың халықаралық форумына түркі мемлекеттері мен Орталық Азия елдерінің журналистік ұйымдарының өкілдерін шақыру жоспарланып отыр.

Алматыдағы бүгінгі меморандум – осы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды бастамаларының бірі.

Ортақ мақсатымыз – түркі әлемі медиасының жаңа технологияларға бейімделуіне, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға және сапалы журналистиканы дамытуға бірге үлес қосу.

Бірлік пен ынтымақтастық – ортақ болашағымыздың кепілі.

Пікірлер