Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірқатар елдердегі Төтенше және Өкілетті Елшілерін тағайындады. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды “Адырна”.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
- Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
- Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
- Амангелді Ғазезұлы Саинов Қазақстан Республикасының Румыниядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
Ұқсас жаңалықтар
"Көптеген қызмет әлі де қолжетімді емес". Президент бес жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан МӘМС жүйесін сынады
