Жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты

58
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/F9xa42WficTBGEsE8Q7TB0PAVUOyCmrvPVgbhl6T.webp

Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 5 398 адамға жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ТАСС-қа сілтеп.

Табиғи апаттан мыңдаған адам жарақат алып, баспанасыз қалды. Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригестің мәліметінше, жер сілкінісі салдарынан 16 740 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Тағы 17 907 тұрғын баспанасынан айырылған. Ресми дерекке сәйкес, апат салдарынан 190 ғимарат толық қирап, 856 нысанға елеулі зақым келген.

Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 6 462 адам аман-есен құтқарылған. Сонымен қатар медициналық мекемелерде 44 298 адамға қажетті көмек көрсетілген. Биліктің мәліметінше, табиғи апаттан зардап шеккен 128 324 отбасыға гуманитарлық көмек берілген. Уақытша ұйымдастырылған 107 лагерьге 23 335 адам орналастырылды. Сондай-ақ тұрғындарға жалпы көлемі 10 964 тоннадан астам азық-түлік жеткізілген.

Пікірлер