Қазақстан мен бес ел мұнай өндірісіне байланысты кездесу өткізді

95
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/9ToIBlXmU4HLxCVzrUiih3hdnyzKswwGQhCEKVxd.jpg

ОПЕК+ мүше және мұнай өндіруді ерікті түрде қысқарту жөнінде қосымша міндеттеме алған елдер әлемдік нарықтағы ахуалды талқылап, онлайн кездесу өткізді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Кездесу қорытындысы бойынша Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман 2026 жылдың қыркүйек айынан бастап мұнай өндіру көлемін тәулігіне 188 мың баррельге ұлғайту туралы шешім қабылдады.

ОПЕК+ мәліметінше, бұл қадам әлемдік мұнай нарығындағы тепе-теңдік пен тұрақтылықты сақтауға, сондай-ақ өндіріс көлемін кезең-кезеңімен қалпына келтіруге бағытталған.

Жарияланған квоталарға сәйкес, Қазақстанның қыркүйек айындағы мұнай өндіру квотасы тәулігіне 1,628 млн баррельді құрайды. Ең жоғары квота Сауд Арабиясына – 10,478 млн баррель, Ресейге – 9,949 млн баррель көлемінде белгіленген. Ал ең төменгі көрсеткіш Оманға тиесілі.

ОПЕК+ министрлерінің жеті ел қатысатын келесі ай сайынғы отырысы 2026 жылғы 6 қыркүйекке жоспарланған.

Пікірлер