Иранның оңтүстік-шығысындағы Захедан қаласында кофеханалардың бірінде қарулы шабуыл жасалып, салдарынан екі адам қаза болды, деп хабарлайды "Адырна".
Tasnim агенттігінің хабарлауынша, бірнеше қарулы адам Шахид Мазари бульварындағы кофеханаға кіріп, екі келушіге оқ атқан. Екі ер адам да алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Шабуыл жасағандар кейін Peugeot 405 көлігімен оқиға орнынан бой тасалаған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары күдіктілерді іздестіріп, атыстың себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
