Бүгін, 12 тамызда Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Астана уақытымен сағат 12:14-те ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы»ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеген. Ол Алматыда 2 балл болып сезілген.
«Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ»,- делінген хабарламада.
ТЖМ жер сілкінісі кезінде сабыр сақтап, лифтіні пайдаланбауға, терезе мен жиһаздан алыс тұруға кеңес берді.
Ұқсас жаңалықтар
