Омыртқаның отасынан кейін. Назарбаев өз дауысын үйден берді

201
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/wQd2UdddjgogRHfkRnJrpaLb3jJ8bzIyoLitlgAF.jpg

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай депутаттарын сайлау рәсіміне қатысты. Бұл туралы оның ресми сайты жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

“Жақында бел омыртқасына жасалған отадан кейінгі денсаулық жағдайына байланысты Тұңғыш Президент өз дауыс беру құқығын үйде жүзеге асырды”, - делінген хабарламада.

2019 жылы президенттіктен кеткеннен кейінгі сайлау, референдумның барлығында Назарбаев өз ауданына тиесілі сайлау учаскесінде дауыс беріп келген. Сондайда учаскеге жиналған журналистер сұрағына жауап беруге тырысатын. Алайда соңғы жылдары дауыс берген кезінде экс-президент ешқандай комментарий бермейтін болған. 

Нұрсұлтан Назарбаев 1989 жылы Қазақ ССР кезінде жоғары билікке КПСС бірінші хатшысы болып келіп, кейін президентке айналды. Тәуелсіздік алғаннан бері алғашқы бүкілхалықтық сайлаудан басқа сайлау, референдумдардың дені кезектен тыс өткізіліп, үнемі Назарбаев билікте қалып келген. 2019 жылы президенттіктен кеткен соң да Қауіпсіздің кеңесінің өмір-бақилық төрағалығы арқылы билікке ықпал етті деп есептеледі. Алайда 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде ол бұл қызметінен шеттетіліп, содан кейін бұрынғы артықшылықтарының көбінен заң жүзінде айрылды.  

Пікірлер