Ресей немістің Гёте-институтының Ресейдегі мәдени орталықтарын жабады. Бұл туралы 3 қыркүйекте елдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.
«Әрине, біздің мәдени орталығымызды ол жақтан қуып жібергеннен кейін, олар да жабылады. Әйтпесе, өзімізді өзіміз құрметтемеген боламыз», – деді Лавров Владивостокта өткен Шығыс экономикалық форумы аясында.
Бірнеше күн бұрын Германия Лейпциг әуежайында бір ай бұрын жарылғыш зат тиелген ұшқышсыз ұшақтың табылуына байланысты болған оқиғада Ресейді диверсия жасауға әрекеттенді деп ресми түрде айыптаған еді. Германияның сыртқы істер министрі Йохан Вадефуль бұл әрекетке жауап ретінде Германия Бонндағы Ресей консулдығы мен Берлиндегі Ресей үйін жабатынын мәлімдеген.
Сейсенбі күні Ресей президенті Владимир Путин Германияны оқиғаға Мәскеуді кінәлі етіп көрсету мақсатында дәлелдерді бұрмалады деп айыптаған.
Гёте-институтының мәліметінше, Ресейдегі үшінші бөлімше Екатеринбургте емес, Новосібірде орналасқан.
