Ресейлік режиссер «шетел агенті» деп танылды

64
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/AgCqOPeWc7coa9oXGvWlT4P9lSWwFqlDd1b8jOcv.webp

Ресейлік режиссер және сценарист Андрей Звягинцев Ресейде «шетел агенті» деп танылды, деп хабарлайды “Адырна”. 

ВВС мәліметінше, ол тиісті тізімге 18 қыркүйекте Ресей әділет министрлігінің шешімімен енгізілген.

Министрлік мәліметінше, Звягинцев шетелдік агенттер мен Ресей аумағында қызметі қалаусыз деп танылған ұйымдардың материалдарын жасауға қатысқан. Сондай-ақ ведомство оның Ресей билігінің шешімдері мен саясаты туралы «жалған ақпарат» таратқанын айтты.

62 жастағы режиссер Канн және Венеция кинофестивальдерінің жүлдегері. 2026 жылы оның «Минотавр» фильмі Канн кинофестивалінің негізгі байқауында Grand Prix жүлдесін иеленді.

Звягинцев бұған дейін Ресейдің Украинадағы соғысына қатысты сыни пікір білдірген. 2026 жылғы Канн кинофестивалінде «Минотавр» фильмі үшін Grand Prix алғаннан кейін режиссер марапаттау рәсімінде Ресей президенті Владимир Путинге соғысты тоқтатуға шақырған.

Пікірлер