Қырғызстан президентін Юта штатының Солт-Лейк-Сити қаласындағы әуежайда штат Сенатының президенті Стюарт Адамс қарсы алды, деп хабарлайды “Адырна”.
Сапар аясында Садыр Жапаров Юта штатының басшылығымен кездесіп, туризм және тұрақты тау-кен өндірісі салаларындағы америкалық тәжірибемен танысады.
Кейін Қырғызстан президенті Нью-Йоркке барып, БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы жалпы пікірталасының жоғары деңгейдегі апталығына қатысады.
Сонымен қатар Садыр Жапаров бірқатар мемлекет басшыларымен және АҚШ-тың ірі компанияларының жетекшілерімен екіжақты кездесулер өткізеді.
Ұқсас жаңалықтар
