"Қамау керек!" Түнгі жүргізушілерді қатаң жазалау тапсырылды

141
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Nas8rJpQ80PnaCNeYG1iWNLIRnjOM5YffT1zutUI.jpg

Сурет ЖИ көмегімен жасалды

Қазақстан премьер-министрі түнде көлік пен мотоциклден қатты шу шығаратын жүргізушілерге қатысты жазаны қатаңдатуды тапсырды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Үкімет отырысында премьер-министр ІІМ Ержан Сәденовтен мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрады.

«Әсіресе, түнгі уақытта қатты шу шығаратын көлік пен мотоцикл жүргізушілеріне қатысты қандай жұмыс жүргізіліп жатыр? Бұл мәселені біз бірнеше рет талқыладық. Қатаң шаралар қабылдау қажет. Өйткені олар түнде тұрғындарға кедергі келтіреді», – деді Олжас Бектенов.

Ішкі істер министрінің мәліметінше, полиция бұл бағытта тәулік бойы жұмыс істейді. Құқық бұзушыларды анықтауға бейнебақылау камералары мен азаматтардың 102 нөміріне хабарласуы көмектеседі.

«Жыл басынан бері осындай 372 дерек тіркелді. Барлық құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 55 адам қамауға алынды. Автокөліктер мен мотоциклдер айып тұрағына қойылады. Бұл бағыттағы жұмысты күшейтеміз», – деді Ержан Сәденов.

Олжас Бектенов мұндай жағдайларда тек айыппұлмен шектелмеуді айтты.

«Тиісті тапсырма берілді. Мұндай жағдайда айыппұл қолданумен шектелмеу керек, құқық бұзушыларды қамауға алу қажет», – деп атап өтті премьер-министр.

Пікірлер