Қоғам қайраткері Әшімбаев Маңғыстауда әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды "Адырна".
Ол қайғылы оқиғаға байланысты әлеуметтік желідегі жазбасында қаза болған азаматтардың туған-туыстарына ортақтасып, көңіл білдірді.
«Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза тапқаны туралы суыт хабар бәріміздің қабырғамызды қайыстырып кетті. Қаза болған азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын», – деп жазды Мәулен Әшімбаев.
Мәулен Әшімбаев мұндай қайғылы жағдайдың енді қайталанбауына тілектестік білдірді.
«Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», – деп жазды.
Ұқсас жаңалықтар
