Қазақстандық журналист Индира Жылқайдарова қайтыс болды

174
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Noket0uIWP4lgln93whTVFy661mmQyrsvMHsirdl.png

Фото: Санди Сұлтан парақшасынан

Қазақстандық журналист Индира Жылқайдарова өмірден өтті, деп хабарлайды “Адырна”. 

Бұл туралы тележүргізуші Санди Сұлтан инста парақшасында хабарлады.

Санди Сұлтан марқұммен бірге «7 арнада» жұмыс істегенін айтып, әріптесін мейірімді, ашық-жарқын әрі өз ісіне берілген кәсіби маман ретінде еске алды.

Индира Жылқайдарова еңбек жолының көп бөлігін «Хабар» агенттігі мен «7 арнада» өткізген. Ол бірнеше жыл бойы парламенттік журналистика саласында қызмет етіп, Мәжіліс депутаттарының жұмысы мен заң шығару үдерісін ақпараттандырды.

Әріптестерінің айтуынша, журналист соңғы жылдары ауыр дертпен күрескен.

Пікірлер