«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау басталды

159
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/aYW2stp2Sh2CCpuw2p2wHY8JXCI9as50kLHyMJWZ.jpg

Фото: bolashak.gov.kz

Қазақстанда «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына өтінім қабылдау басталды. Үміткерлер құжаттарын 2026 жылғы 16 қазанға дейін eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы тапсыра алады. Бұл туралы 11 қазанда Халықаралық бағдарламалар орталығының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

«Болашақ» бағдарламасына қатысу талаптары, басым бағыттағы мамандықтар және шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі туралы толық ақпаратты Bolashak.gov.kz ресми сайтынан білуге болады.

Сонымен қатар «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр. Құжаттарды тапсыру мерзімі – 2026 жылғы 30 қазанға дейін.

Үміткерлер құжаттарын екі жолмен ұсына алады:

- eGov.kz порталы арқылы электрондық форматта;

- «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға барып, қағаз түрінде.

Қатысушыларға құжаттарды белгіленген мерзімде тапсырып, бағдарлама талаптарымен алдын ала танысып шығу ұсынылады.

Пікірлер