«Яндекс» соққыға ұшырағанда. Зеленский желідегі боттар азайды дейді

234
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Yj9h3abvGWvauQUjC0lITVqZ4b69g4qsNJvY8nOH.webp

Украина президенті ресейлік «Яндекске» жасалған соққыдан кейін желілердегі боттардың азайғанын айтты, деп хабарлайды “Адырна”.

Бұл туралы ол 12 қазанда Варшава қауіпсіздік форумында сөйледі.

Зеленскийдің сөзінше, Украина соққыларының нәтижесінде әлеуметтік желілердегі ақпараттық ахуал өзгерген. Президент боттар санының азаюы арандатушылық пен қоғамды жікке бөлу әрекеттерінің бәсеңдеуіне ықпал еткенін атап өтті.

«Яндекстің» дата-орталықтары соңғы күндері Украина ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына ұшыраған. Нысандар Ресейдің Рязань облысындағы Сасово қаласында, Калуга және Владимир облыстарында орналасқан.

Компания Владимир облысындағы дата-орталықтың инфрақұрылымы зақымданғанын растады. Мәлімдемеге сәйкес, нысанның жұмысы толық тоқтап, қалған инфрақұрылым ресурстары тұрақсыз жұмыс істеген.

Cloudflare Radar сервисінің деректеріне сүйенген талдау бойынша, жексенбі күні «Яндекс» желісіндегі автоматтандырылған трафик көлемі қыркүйектің екінші жартысындағы орташа көрсеткішпен салыстырғанда шамамен 94 пайызға азайған.

Бұл мәселе АҚШ Конгресіне қараша айының басында өтетін аралық сайлау қарсаңында ерекше назарға ілікті. Әлеуметтік желілер арқылы шетелдік ықпал ету және автоматтандырылған аккаунттардың саяси пікірталастарға әсері бұған дейін де алаңдаушылық туғызған.

Айта кетейік, “Яндекске” жасалған соққыдан соң Қазақстанда да қосымша жұмысы істен шыққан.

Пікірлер