«Алтын доп» иегері анықталды

177
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/NZnTzo75kPZWHULSIVp4uno6VHbHX5W5JEuUpAzM.jpg

Англиялық шабуылшы Харри Кейн «Алтын доп – 2026» сыйлығының иегері атанды. Мюнхендік «Бавария» клубының футболшысына марапат Лондон қаласында өткен салтанатты рәсімде табысталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

2025/26 жылғы маусымда Кейн клубы мен ұлттық құрама сапында 73 гол соққан. Оның 61-і «Бавария» үшін, ал 12-сі Англия құрамасы үшін тіркелген.

«Бавария» сапында шабуылшы Германия чемпионаты мен Кубогын жеңіп алған. Сонымен қатар Кейн Еуропаның «Алтын бутсы» жүлдесін иеленген. Ол Бундеслигада өткізген 31 матчта 36 гол соққан.

Бұған дейін осы салтанатты рәсімде ағылшын футболшысы жылдың үздік сұрмергені атанып, арнайы марапатқа ие болған еді.

Кейн 2001 жылы Майкл Оуэннен кейін «Алтын допты» жеңіп алған алғашқы ағылшын футболшысы болды. Ал «Бавария» клубының бұл жүлдені иеленген соңғы ойыншысы Карл-Хайнц Румменигге еді. Ол 1981 жылы марапатталған. Осылайша, мюнхендік клубтың бұл сыйлықты қайта алуына 45 жыл қажет болды.

Пікірлер