Елдегі ең төменгі жалақының жаңа мөлшері жарияланды

167
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/iiy9kWP58LN3nstbngkakS48Uf5qzApPXIywNYzD.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, жаңа мөлшер 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілуге тиіс.

«Бұл 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді»,– деді президент.

Сонымен қатар мемлекет басшысы алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғырту қажеттігін атап өтті.

«Біз алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғырту ісіне ерекше мән береміз. Осы тұрғыдан алғанда, жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, бұл жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту маңызды. Үкіметке келер жылдың 1 қаңтарынан бастап осы бағытта жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырамын. Бұл 77 мыңнан астам маманның табысын өсіруге мүмкіндік береді»,– деп түйіндеді ол.

 

Пікірлер