Полиция бөлімінің қызметкері әріптесін пышақтады деген ақпарат тарады

149
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Орал қаласында полиция бөлімі басшысының орынбасары қарамағындағы қызметкерін пышақтап, күдікке ілінгені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Politico-ға сілтеп.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс тіркеліп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Басылымның дерегінше, Абай полиция бөлімінің қызметкері Дамир Ислямғалиев қарамағындағы полицеймен бірге ішімдік ішіп отырған кезде оған пышақ жарақатын салған деген күдікке ілінген.

Оқиғадан кейін жарақат алған қызметкер ауруханаға жеткізілген. Ал күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеген. Басылымның жазуынша, зардап шеккен полицей әріптесіне ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, тергеу барысында жарақатты абайсызда өзі алғанын айтқан.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Пікірлер