Президент Тоқаев Түркия басшысына көңіл айтты

42
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/yGweu1l6qs18uhaxutP3TDXSR2XsNqyTeYHr6GGs.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Измир провинциясындағы металлургиялық зауытта болған жарылысқа байланысты Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Адырна". 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы бауырлас Түркия халқына қайғыра көңіл айтып, жарылыс салдарынан зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Бұған дейін Түркияның Измир провинциясындағы HABAŞ металлургиялық зауытында болған жарылысқа байланысты алты күдіктінің ұсталғаны хабарланған еді. Қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандар саны 17 адамға жеткен.

EKOTÜRK мәліметінше, жарылыс 9 қарашада Алиага ауданындағы зауытта жоспарлы жөндеу жұмыстары кезінде болған. Артынша өрт шығып, бірнеше жұмысшы үйінді астында қалған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер, құтқарушылар мен медицина қызметкерлері жедел жеткен.

Пікірлер