Хуанг қызметінен кеткен соң. Міндетін уақытша кім атқаратыны анықталды

206
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/0lokzdqZXiqDQ8XsXotjYaMLSBuEbOaxNaavODxW.jpg

Фото ЖИ көмегімен жасалған

NVIDIA компаниясының бас директоры Дженсен Хуанг қызметінен кетіп, директорлар кеңесінің құрамынан шығады. Бұл туралы компанияның ресми сайтындағы мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды "Адырна".

Бас директордың міндетін уақытша компанияның қаржы директоры Колетт Кресс атқарады. Ол қаржы директоры қызметін де жалғастырады. Ал директорлар кеңесі жаңа тұрақты басшыны іздеуге кіріскен. Үміткерлер қатарында компанияның ішкі мамандары мен сырттан шақырылатын кандидаттар бар.

Сонымен қатар NVIDIA директорлар кеңесі тарихында алғаш рет кеңес төрағасы тағайындалды. Бұл қызметке бұған дейін Synopsys компаниясының бас директоры әрі директорлар кеңесінің атқарушы төрағасы болған кәсіпкер және инвестор Харви Джонс келді.

Компания мәлімдемесінде жұмыс үдерісі қалыпты жалғасатыны айтылған. Атап айтқанда, клиенттер алдындағы міндеттемелер орындалып, өнімдерді әзірлеу мен шығару жоспары жүзеге асырылады. NVIDIA өкілдері Дженсен Хуангқа компания мен технология саласының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, NVIDIA — 1993 жылы құрылған америкалық технологиялық компания. 

Бұған дейін NVIDIA басшысының АҚШ арнайы қызметтері Қытай барлау агенті деп санайтын әйелмен байланысы болғаны туралы ақпарат тараған. Кейін Дженсен Хуанг некедегі адалдықты бұзғанын мойындап, отбасы мен компания қызметкерлерінен кешірім сұрағаны хабарланды.

Пікірлер