Алаштанушы ғалым Global Elm Award сыйлығына ие болды

268
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/FkABuMFaeUo4kVcW7WKRtsLiuvKHZswLzqQBy1Em.jpg

9 қарашада Түркияның Алания қаласында Дүниежүзілік журналистер кеңесінің (Küresel Gazeteciler Konseyi – KGK) VI мәжілісі аясында Ғаламдық жетістік сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шарада ғылым саласындағы Global Elm Award марапаты қазақстандық тарихшы ғалым Сұлтан Хан Жүсіпке берілді. Ол бұл сыйлыққа ХХ ғасыр басындағы Алаш тарихын қалпына келтіруге қосқан елеулі үлесі үшін лайық деп танылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ғалым бірнеше онжылдық бойы Ресей, Беларусь, Чехия және Қазақстандағы мұрағаттарда, кітапханалар мен музейлерде зерттеу жұмыстарын жүргізген. Сондай-ақ КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің, Ресей Федерациясы Федералдық қауіпсіздік қызметінің, Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мұрағат материалдарын зерделеген. Соның нәтижесінде Алаш қозғалысына қатысты құнды деректерді, соның ішінде Әлихан Бөкейханның ғылыми айналымға енбеген мұрасын жинақтап, ел игілігіне ұсынған.

Сұлтан Хан Аққұлының ұзақ жылдарға созылған зерттеулері қазақ тарихындағы ақтаңдақтарды ашуға, Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметін тереңірек тануға мүмкіндік берді. Ғалымның осы бағыттағы еңбегі халықаралық деңгейде жоғары бағаланған.

Айта кетейік, марапаттау рәсіміне әлемнің 32 елінен келген 350-ге жуық журналист, мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломаттар мен танымал тұлғалар қатысқан. Олардың қатарында Косовоның бұрынғы президенті Вьоса Османи, белгілі футбол жаттықтырушысы Фатих Терим, TRT Avaz және Corendon Airlines компанияларының өкілдері болған. 

Пікірлер