Қазақстандық ару «Әлем аруы» байқауында 30 келілік ұлттық киіммен сахнаға шықты

176
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/2RHMBQVhaJFKOt9ZbObhrNQ7GcuJKbBCed8NJilB.jpg

Қазақстандық ару Алина Ри 2026 жылғы «Әлем аруы» (Miss Universe) халықаралық байқауында салмағы 30 келі болатын ұлттық киіммен сахнаға шыққы, деп хабарлайды “Адырна”.

Шымкент қаласының тумасы, «Қазақстан аруы» байқауының жеңімпазы Алина Ри халықаралық додада ел намысын қорғауда. Байқауға арнайы дайындалған ұлттық киім «Алтын бүркіт: Қазақстан рухы» деп аталады.

Ұлттық киімді әзірлеуге алты айға жуық уақыт жұмсалған. Оның құны 5 миллион теңгеден асады. Бұл шамамен 11 мың АҚШ долларын құрайды.

Киімнің түсі мен сәндік элементтері арқылы Қазақстанның көгілдір аспаны, алтын түстес рәміздері мен бай мәдени мұрасы бейнеленген.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ұлттық киімнің пішіні, безендірілуі мен ауқымды көрінісі арқылы әлемдік аудиторияға қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық болмысын және мәдени ерекшелігін таныстыру көзделген.

Пікірлер