Түнгі жалын. Алматыда жеке үйдегі өрттен 5 адам қаза тапты

272
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/WtQz9JsXDZBkJLQLMxTmI2rFXZobWOMCME3KMxb6.webp

26 қарашаға қараған түні Алматыда жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, бес адам қаза тапты. Бұл туралы қалалық полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Өрт шыққаны туралы хабарлама «112» пультіне сағат 03:44-те түскен.

«ТЖД алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі шақырту түскеннен кейін 4 минуттан соң оқиға орнына жетті. Өрт сөндірушілер келген кезде тұрғын үй толығымен отқа оранып, жалынның ашық әрі қарқынды жануы байқалған»,– деді ПД өкілдері.

Өрт сағат 04:42-де толық сөндірілген. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан шамамен 35 адам және 9 бірлік техника жұмылдырылған.

«Оқиға орнынан бес адамның, оның ішінде бір кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды.  Оқиғаның мән-жайы мен өрттің шығу себептері анықталуда»,– деп толықтырды полиция департаменті.

Пікірлер