Ауылдасым Американың сегіз оқу орнына шақырту алды

3769
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысының түлегі АҚШ-тың 8 университетінен шақырту алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Түркістан облысының Келес ауданына қарайтын Біртілек ауылдық округіндегі №9 "Көлтоған" жалпы орта мектебінің түлегі - Жанерке Зейлбекова АҚШ-тың 8 университетінен грант ұтып алды. Ауылдасы Ерасылдың айтуынша, Жанерке 9-сыныптан бастап ағылшын тілін үйренуге ден қойған.

"Ол Назарбаев университетіне түсуді армандайтын. Дәл сол уақытта Жанеркеге көп адам сенген жоқ. Алайда ол ешкімнің пікірін елемей, алдына қойған мақсатына жету үшін ағылшын тілін өз бетінше үйрене бастады. Бұдан Жанеркенің қайсарлығын көруге болады. "Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелде оқып келіп, ағылшын тілін үйретіп жүрген Диас Жорабековтен қашықтан дәріс ала бастады. Осы орайда қашықтан оқуына қолдау көрсеткен Шолпан әпкесіне рахмет айтады. Диас ағайдың айтуынша, Жанерке аз уақыттың ішінде ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгеріп, еркін сөйлей алатын дәрежеге жетті", - дейді Ерасыл. 

Ерасылдың айтуынша, Жанерке 11-сыныптың қыркүйек пен жолтоқсан айларында арнайы бағдарламамен шет елдің университтеріне тест тапсырған.

"Соның нәтижесінде оған шақыру келе бастады. Алғашқысы - Boston Sufflok University. Сол уақытта Жанеркеге ғана емес, ауыл болып қуанғанымыз әлі күнге есімде. Кейін шақыру саны көбейді, дәл қазір Жанеркенің қолында сегіз шақыру бар. Оның арманы - компьютерлік технологияны жетік меңгеріп, Қазақстанның дамуына үлес қосу. Жанерке ұшқан ұясын ұмытпайды. Ол №9 "Көлтоған" мектебінің ұстаздарына ерекше алғыс айтады. Соның ішінде мектеп басшысы Тұрсынбекова Қалдыгүл, сынып жетекшісі - Бакирова Шынар, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі - Жаксылыкова Шолпан апайларына рахмет айтады. Менің ойымша ауылда жүріп те шетелдік оқу орындарына оқуға түсуге болады екен. Оның жарқын дәлелі - Жанерке. Ең бастысы, еңбек етіп, жалықпай оқысақ болғаны", - дейді Ерасыл.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер