Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасарының ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
”Ақ Жайық” басылымының мәліметінше, Бақытгүл Хаменова өз сөзінде тағы да кінәсін мойындамайды .
“Құрметті сот! Қазір мықтылардың уақыты. Мені Назарбаевтың жақтасы деп айта берсін. Мен Елбасын жақсы көремін. Оның елге қосқан үлесі туралы айтуды тоқтатпаймын”, – деді ол.Еске салайық, 10 желтоқсан күні Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды. 31 мамырда Хаменоваға қатысты қылмыстық іс Атырау қаласының №2 сотына берілді. Сот процесі 3 тамызда басталып, әлі де жалғасып жатыр.
”Адырна” ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Әкесі Сарыағаштағы балақайдың өліміне полиция кінәлі деді. Алматыда бір бүлдіршін өгей шешесінің қолынан өлім құшты. Сот пен полицияны қайтадан құру керек сияқты!
