Алматы облысындағы мектептерге 265 маман қажет. Бұл туралы облыстың білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
Жаңа 2022-2023 оқу жылында облыста 425 мемлекеттік, 23 жекеменшік мектеп, 6 кешкі мектеп жұмыс істейді. Биыл мемлекеттік білім беру ұйымдарына 330 985 оқушы, 23 жекеменшік мектептерде 7 508 бала, 6 кешкі мектепте 912 бала білім алып жатыр.
“Облыстағы 425 мемлекеттік мектептің барлығы компьютер техникасымен 100% жабдықталған. 74 266 компьютер бар. Оның 65818 (88,6%) ауыл мектептеріне бөлінген”, - деп хабарлады білім басқармасы.Облыс бойынша 60 IT сынып, 11 STEM кабинет бар. Өңірде 24 096 интерактивті тақта бар. Жабдықталу көрсеткіші – 90%. Алматы облысында апатты жағдайдағы мектептер жоқ. 2022-2023 оқу жылында мектептерде 265 маман жетпейді.
“Орыс сыныбында бастауыш сыныпқа сабақ беретін 50 мұғалім, орыс сыныбында математикадан сабақ беретін 65 мұғалім қажет”, - деп хабарлады басқарма.Сондай-ақ орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 150 маман қажет.
”Адырна” ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Мектепте “орыс әдебиетінің” орнына “әлем әдебиетін” оқыту керек деген ұсынысты қолдаймын. Орыс тілі тек шет тілі ретінде оқытылуы тиіс.
