Мәжіліс алаңында палата спикері Ерлан Қошанов ресейлік сарапшылардың Қазақстанға қатысты сыни мәлімдемелеріне қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ерлан Қошанов, журналистің “біз Ресейден қорқамыз ба әлде оларға тәуелдіміз бе?" деген сауалына жауап берді.
"Біз тең құқылы тәуелсіз мемлекетпіз. Барлығы заңмен реттеледі. Екіншіден, Ресей азаматы болсын, басқа елдің азаматы болсын, шетелдіктердің Қазақстанға жасаған шабуылына Президент те, депутаттар да, Сыртқы істер министрлігі де жауап берді. Эфирде айтылған сөздер немесе журналистердің мәлімдемелері Ресей Федерациясының ресми ұстанымы емес. Бұл жеке адамдардың пікірі мен жауапкершілігі. Егер бұл әрекеттерде бізге қатысты заң бұзушылықтар болса, онда біздің Бас прокуратураға оларға талап жолдайды", – деп түйіндеді Қошанов.
Ұқсас жаңалықтар
Үкіметаралық комиссияның XII отырысында Қазақстан мен Түркияның сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту мәселесі талқыланды
“Қазақстанға қашпақ болған”: Қырғыстанда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесін өлімші етіп соққыға жыққан екі күдікті ұсталды
