Әлеуметтік желіде араб-парсы мәдениетіне негізделген діни ұстанымды насихаттаған мектеп сынға ұшырады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Бейнежазбаны қазнетке Тұрарбек Құсайынов жүктеді. Ол кез келген мектеп немесе жоғары-орта оқу орындарында бұндай діни насихатқа жол бермеу керек екенін атап өтті.
Алматы қаласы Білім басқармасының мәлімдеуінше, видеоролик қала мектептерінің бірінде түсірілген.
«Қазақстан — зайырлы мемлекет, ал мектеп – зайырлы оқу орны. Білім беру ұйымдарында мұғалімдер тек мемлекеттік білім беру стандарты мен бекітілген бағдарламалар аясында сабақ өткізуге міндетті. Басқа іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімге шара қолданылады»,—деді ведомство.
Бейнежазбаны көру үшін сілтемені басыңыз.