Бүгін, өкінішке қарай, Қызылордада қаласында қайғылы жағдай болды. Қала тұрғыны, ер адам, аспалы көпірден секіріп, қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"17 желтоқсан күні сағат 00:00 шамасында Қызылордада "102" арнасына белгісіз біреу сол жағалауда орналасқан аспалы көпірден секіріп, өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенгені туралы хабарлама түсті", - деп мәлімдеді Қызылорда облысының полиция департаменті.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетті. Тексеру барысында азаматтың қайтыс болғаны анықталды. Қазір орын алған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігімен («Өзін-өзі өлтіруге әкеп соғу») сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Болған өмімнің мән-жайы анықталып жатыр.
Сонымен қатар, бүгін Қызылорда облысында жеңіл көлік түйеге соғылып, бір адамның өмірін үзді.
"Адырна" ұлттық порталы