Ауғанстанда Талибан билігі әйелдерге үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істеуге тыйым салды

2698
Adyrna.kz Telegram
Фото: payom.net
Фото: payom.net

Ауғанстандағы Талибан билігі әйелдерге үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істеуге тыйым салды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

"Бұйрықты сақтамаған кез келген үкіметтік емес ұйым Ауғанстандағы қызмет лицензиясынан айырылады", – делінген құжатта.

Айта кетейік, осыған дейін талибандар қыздарға университетте білім алуға рұқсат бермеген, бұл Ауғанстанда наразылық тудырып, бүкіл әлем елдері мұны айыптады.

24 желтоқсанда Талибан қауіпсіздік күштері жоғары білім алуға тыйым салуға наразылық білдірген әйелдерді тарату үшін су атқыштарды қолданған.

 

Пікірлер