"Мәжіліс қарауына алды": Назарбаев туралы заңның күші жойылады

4607
Adyrna.kz Telegram

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күші жойылды деп тану туралы" ҚР Конституциялық заңының жобасын жұмысқа алу жөнінде Мәжіліс шешім қабылдады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Сәрсенбіде өткен Мәжілістің жалпы отырысында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы заңның күшін жою жобасы қарауға қабылданды.

«Бұл заң жобасы республикалық референдум қорытындылары бойынша ел Конституциясына енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленді. Атап айтатын болсақ, биылғы 8 маусымдағы Заңмен Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Ата Заңның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды. Осыған байланысты, бұл заң жобасымен құқықтық негіздің жоқтығын ескере отырып, тиісті Конституциялық заңның күшін жою көзделеді», - деді депутат Арман Қожахметов Мәжілістің жалпы отырысында.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

 

 

Пікірлер