ҚР Әділет министрі Қанат Мусин қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Сергейұлы Мусин Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымынан босатылды",- делінген хабарламада.
Мәжілістің ұсынуымен Қанат Мусин 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Конституциялық сотының судьясы қызметін атқарады.
"Адырна" ұлттық порталы