Қазақ еліндегі АҚШ-тың Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюм қазақ халқын Жаңа жыл мерекесімен қазақ тілінде құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Елшінің қазақ тіліндегі видеоқұттықтауы әлеуметтік желіде жарияланды.
"Құрметті достар, Қазақстанда алғаш рет Жаңа жылды сіздермен бірге қарсы алып жатқаныма қуаныштымын. Бұл жыл барлығымыз үшін оңай болған жоқ. Бірақ келер жылға сеніміміз зор. Келер жыл ойыңыздағыдай қуанышты сәттерге толы болсын. АҚШ өкілдігінің атынан баршаңызға Жаңа жылда денсаулық, молшылық, бейбіт өмір тілеймін", - деді елші өз құттықтауында.
"Адырна" ұлттық порталы