Алматы облысында 2 қаңтар күні жоғалып кеткен отбасы мүшелері аман-есен табылды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
“Республикалық жедел-құтқару жасағы тобы мен Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағы бірігіп Бартоғай су қоймасы жағынан Фесенков атындағы Астрофизика институтының обсерваториясына жетпей 40-қа жуық автокөлік табылды. Адамдардың саны анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ. Жоғалып кеткен 7 адамнан тұратын отбасы да сол жерде екен. Көбісінің көлігінде жанармай таусылып қалған. Қазіргі уақытта құтқарушылардың күшімен автокөліктерге жанармай құю және адамдарды машиналарымен колонна арқылы эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде”, – делінген хабарламада.Еске салайық, бүтін отбасы 2 қаңтар күні жоғалып кеткен еді. Олар Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылынан 80 шақырым жердегі таулы аймақ тұрғындары.
Ұқсас жаңалықтар
Өзбекбасы да тура Назарбаев салған сара жолмен кетті. Бүкіл отбасы мемлекетті меншіктеп алды десе де болады.
